|
Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Осы редакция 2015 жылғы 13 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Орталық сайлау комиссиясының 2012 жылғы 23 қазандағы № 21/183 қаулысымен бекітілген
Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулық
1. Осы Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулық «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес әзірленді және сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайларды, дауыс беру пунктін жарақтандыруды нақтылайды. 2. Учаскелік (аумақтық) сайлау комиссиясы (бұдан әрі - сайлау комиссиясы) орналасатын ғимаратта сайлау учаскесінің, дауыс беру пунктінің орналасқан жері, нөмірі, комиссия жұмысының кестесі көрсетілген көрсеткіштер ілінеді. Егер бір ғимаратта бірнеше сайлау учаскесі орналасқан болса, барлық сайлау учаскелерінің нөмірлері көрсетілген маңдайшалар ілінеді. 3. Дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) арнайы бөлінген көрнекі орында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналастырылады, оның сол жағынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы тігіледі (орналастырылады). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|