Өнімді сәйкестендіру Жалпы ережелер
ҚР СТ 1014-2000
Мазмұны
6. Сәйкестендіру нәтижелерін ұсыну А Қосымшасы. Өнімді сәйкестендіруге арналған тұжырым нысаны
Жалпы ережелер
Осы стандарт Қазақстан нарығында және оның маңында оны тарату мақсатымен Қазақстан Республикасы аумағында шығарылатын және әкелінетін өнімге таратылады. Стандарт өнімді сәйкестендіру және оның нәтижесін ресімдеу жөніндегі жұмыстарды жүргізудің жалпы ережелерін белгілейді. Стандарт ережелері қолданылады; - міндетті немесе ерікті сертификаттау кезде - сертификаттау жөніндегі органдар мен сынау зертханаларымен (орталықтарымен); - олардың құзырының шегінде тауардың шығарылған жерін растау және бақылау-қадағалау қызметтерін жүзеге асыру кезде - мемлекеттік басқарудың уәкілетті органдары және мекемелерімен; - Заңдарда ескерілген жағдайларда мекемелермен және басқа органдармен немесе Қазақстан Республикасының басқа нормативтік және нормативтік құқықтық актілерімен, және де бастама тәртібінде. Осы стандарт дамуына бір текті өнім топтары немесе бақылау-қызметтерін жүзеге асырған кезде қолданылатын өнімнің нақты түрлері үшін сәйкестендіру процедураларын белгілейтін нормативтік құжаттар әзірленуі мүмкін.
Осы стандартта төмендегілерге сілтемелер пайдаланылған: ҚР СТ 1.1-94 ҚР МСЖ Терминдер мен анықтамалар; ҚР СТ 1009-99 Азық-түлік емес тауарлар. Тұтынушыға арналған ақпарат. Жалпы талаптар; ҚР СТ 1010-99 Тамақ өнімдері. Тұтынушыға арналған ақпарат. Жалпы талаптар.
Осы стандартта ҚР СТ 1.1, ҚР СТ 1009, ҚР СТ 1010 сәйкес тиісті анықтамалармен келесі тиісті терминдер қолданылады: өнімді сәйкестендіру - ерекше белгілері бойынша белгілі өнімдерді пайдалану, айналыс, өндіріс саласында бір мәнді тани білуді қамтамасыз ететін процедура; өнімді сипаттау - тиісті құжаттарда белгіленген өнімді сипаттайтын белгілер, параметрлер, көрсеткіштер және талаптар жинақталымы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|