Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 1256 «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру жолымен «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қостанай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 1256 «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру жолымен «Қостанай қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте: 1) жоғарыда көрсетілген ережеге енгізілген өзгеріс туралы әділет органдарына хабарлау; 2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілуін; 3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|