Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесін, Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесін бекіту туралы (2013.26.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 18 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесі; 2) Жеке және заңды тұлғалардың (филиалдар мен өкілдіктердің), сондай-ақ дара кәсіпкерлердің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және бұрын берілген құжаттарын қайта ресімдеу үшін өтініш жасау ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы 2007 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 406 қаулысымен бекітілген
Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастырудың бірыңғай тәртібін айқындайды.
2. Сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру
2. Жеке немесе заңды тұлға (филиал мен өкілдік) үшін сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру белгілі бір жеке немесе заңды тұлғаға (филиал мен өкілдікке) қатысты мәліметтерді Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде, мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жүйелерінде сақтау үшін жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2013.26.08. № 853 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) 12 цифрдан тұратын бірегей комбинацияны білдіреді, құжаттарды дайындаудың ақпараттық-өндірістік жүйесінде бастапқы тіркелген кезде жеке тұлғаға құрылады. ЖСН бірегейлік және өзгермеушілік қағидаттарын ескере отырып қалыптастырылады. ЖСН деректерінің құрылымында пайдаланылатын әртүрлі деңгейдегі ақпараттық банктер деректерінің тұтастығын сақтау мақсатында ол бастапқы қалыптастырылған сәттен бастап қандай да бір түрлендіруге немесе қайта құруға жатпайды. Бақылауды жүзеге асыру және клавиатура арқылы енгізу кезіндегі қателікті азайту мақсатында ЖСН құрамында бақылаушы 12-разрядтың болуы көзделеді, оны есептеу кезінде екі циклда мынадай алгоритм пайдаланылатын болады: а12 = (al*bl + а2*b2 + а3*b3 + а4*b4 + а5*b5 + а6*b6 + а7*b7 + а8*b8 + a9*b9 + al0*bl0 + a11*b11)mod 11, мұндағы: ai - ЖСН і-разрядының мәні; bi - і-разрядының салмағы; Егер алынған сан 10-ға тең болса, онда бақылау разрядын есептеу салмақтардың басқа дәйектілігімен жүзеге асырылады: ЖСН разрядының мәні: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11; разряд салмағы: 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 1, 2; Егер алынған сан 0-ден 9-ға дейінгі мәнге ие болса, онда бұл сан бақылау разряды ретінде алынады. 4. Өз қызметін өзіндік кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу кезінде жеке тұлғаға берілген ЖСН пайдаланылады. 5. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) 12 цифрды қамтиды және бес бөліктен тұрады: 1) бірінші бөлік - 4 цифрдан тұрады және заңды тұлғаны, филиалдар мен өкілдіктерді немесе бірлескен кәсіпкерлік түріндегі (бұдан әрі - ЖК (Б) қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерді мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу жылын (соңғы екі цифр) және айын қамтиды; 2) екінші бөлік - 1 цифрдан тұрады және заңды тұлғаның немесе ЖК (Б) типін білдіреді. Заңды тұлғаның немесе ЖК (Б) типінің нақты мәні: 4 - резидент заңды тұлғалар үшін; 5 - резидент емес заңды тұлғалар үшін; 6 - ЖК (Б) үшін; 3) үшінші бөлік - 1 цифрдан тұрады және қосымша белгі болып табылады және мынадай түрде айқындалады: 0 - заңды тұлғаның немесе ЖК (Б) бас бөлімшесінің; 1 - заңды тұлғаның немесе ЖК (Б) филиалының; 2 - заңды тұлғаның немесе ЖК (Б) өкілдігінің; 3 - бірлескен кәсіпкерлік негізінде қызметін жүзеге асыратын шаруа (фермер) қожалығының; 4) төртінші бөлік - 5 цифрдан тұрады және заңды тұлғаның (филиалдар мен өкілдіктер) немесе ЖК (Б) жүйесіндегі реттік тіркеу нөмірін қамтиды; 5) бесінші бөлік - автоматты түрде анықталатын және бақылау цифры болып табылатын 1 цифрдан тұрады.
|