Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының 2022 - 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 11 наурыздағы № 73 бұйрығы
Азаматтық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша жүйелі және нысаналы жұмысты ұйымдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының 2022 - 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін. 2. Комитеттердің, Департаменттер мен дербес басқармалардың басшылары, Төтенше жағдайлар департаменттерінің, Азаматтық қорғау академиясының, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарының басшылары Бағдарламаны тиісінше және уақтылы орындалуын, сондай-ақ тоқсан сайын, есеп беру айынан кейінгі айдың 10-күніне оның іске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысына (А.С. Тиес) жүктелсін. 4. Бұйрық Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық жеке құрамына жариялансын.
Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 11 наурыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының 2022 - 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|