|
Еңбек нормативтерін бекіту туралы
Еңбек кодексінің 117-бабы 2-тармағына сәйкес еңбекті нормалауды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Персоналды басқару қызметі қызметкерлерінің салааралық уақыт нормативтері бекітілсін. 2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 605-ө-м бұйрығымен бекітілген
Персоналды басқару қызметі қызметкерлерінің салааралық уақыт нормативтері
1. Жалпы бөлім
1.1. Осы персоналды басқару қызметі қызметкерлерінің салааралық уақыт нормативтері кадрларды жасақтау мен есепке алу, кадр қызметі қызметкерлері арасындағы жұмыстарды үйлестіруге жұмсалған уақыт шығынын анықтау мақсатында мекемелерде (кәсіпорындарда) қолдану үшін ұсынылады. 1.2. Еңбек жөнінде әзірленген нормативтер орындалатын жұмыс көлеміне адам/сағат (бұдан әрі - ад.сағ.) бірлігіндегі шұғыл уақыт шығынынан құралған. 1.3. Норматив мынадай жұмыс түрлерін қамтиды: қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде құжаттарды ресімдеу; еңбек шартын ресімдеу; табель есебін жүргізу; лауазымдық нұсқаулықтар, технологиялық карталар, жұмыс нұсқаулықтарын және тағы басқа құжаттарды әзірлеу; қызметкерлерге мінездеме жазу; қызметкерді жұмыстан босату құжаттарын ресімдеу; № Т-2 нысанды жеке карталар жүргізу; демалыс кестесін құрастыру жұмысы; демалыс мерзіміне құжаттарды дайындау; жалақы төлеу үшін еңбек өтілін есептеу бойынша қызметкерлердің мәліметтерін деректер базасына енгізу; жұмысқа жарамсыздық парағын ресімдеу; анықтамаларды құрастыру және беру жұмысы; қызметкерге медициналық бақылау анықтамаларының бланктерін беру; тегінің өзгеруін ресімдеу; қызметкерлерді мадақтау құжаттарын ресімдеу; айыптау құжаттарын ресімдеу; есепті құрастыру жұмысы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|