«Мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастару мен жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 435 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы № 166 бұйрығымен 2021 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізуге қатысты құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11863 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын қадағалау жөнінде тексеріс нәтижелері туралы актінің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарында, және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|