«Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 желтоқсанда № 12517 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы келесі редакцияда жазылсын: «Реттегіш құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы»; кіріспесі келесі редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 85-бабының 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын: «1. Қоса беріліп отырған реттеушілік әсерді талдауды және (немесе) талаптарды жүргізу және пайдалану Қағидалары бекітілсін.»; Көрсетілген бұйрықпен беекітілген Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|