| ||||||||||||||||||||
|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің 2025 жылғы 28 қарашадағы № 190-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне (ерекше бөлім): 1-тармақтың 8) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «8) сәндік-қолданбалы өнер туындылары;»; «12) компьютерлік бағдарламалар (бағдарламалық қамтылым);»; 2-тармақтағы «ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды», «кез келген тілде және кез келген нысанда көрсетіле алатын, оларға негізгі мәтінді және объектілік кодты қоса алғанда, ЭЕМ (оның ішінде операциялық жүйелер) бағдарламаларының барлық түрлеріне» деген сөздер тиісінше «Компьютерлік бағдарламаларды (бағдарламалық қамтылымды)», «бастапқы мәтін мен объектінің кодын қоса алғанда, кез келген тілде және кез келген нысанда көрсетілуі мүмкін компьютерлік бағдарламалардың (бағдарламалық қамтылымның) барлық түрлеріне (оның ішінде операциялық жүйелерге)» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне: 138-баптың 64) тармақшасындағы «тауар белгісін» деген сөздер «авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін, тауар белгісін» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне: 461-баптың 1-тармағы «қызмет көрсету белгілерін» деген сөздерден кейін «, географиялық нұсқамаларды» деген сөздермен толықтырылсын. 4. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) бүкіл мәтін бойынша «мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын», «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын», «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын, авторлық және сабақтас құқықтардың иелері оның репертуарынан туындылар мен сабақтас құқықтардың объектілерін алып тастаған ұйым» деген сөздер тиісінше «құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі», «Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі», «Репертуарынан авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушілер туындылар мен сабақтас құқықтардың объектілерін алып тастаған, құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 2-бапта: 9) тармақшада: «деректер базасы», «Деректер базасы», «деректер базасының» деген сөздер тиісінше «дерекқор», «Дерекқор», «дерекқордың» деген сөздермен ауыстырылып, «электрондық» деген сөз алып тасталсын; «ЭЕМ-ге арналған бағдарламаға» деген сөздер «компьютерлік бағдарламаға (бағдарламалық қамтылымға)» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2), 15-3), 15-4), 21-1) және 21-2) тармақшалармен толықтырылсын: «15-1) компьютерлік бағдарлама (бағдарламалық қамтылым) - табиғатына орай компьютерлік бағдарлама (бағдарламалық қамтылым) дайындық материалдарының неғұрлым кейінірек кезеңдегі нәтижесі болып табылатын осындай материалдарды қоса алғанда, машина оқитын материалдық жеткізгішке жазу кезінде ЭЕМ-мен белгілі бір міндетті орындау немесе нәтижеге қол жеткізу қамтамасыз етілетін, сөздер, схемалар түрінде немесе бейнелеудің кез келген өзге де нысанында көрсетілген командалар жиынтығы; 15-2) компьютерлік бағдарламаны (бағдарламалық қамтылымды) қайта құрастыру - компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) құрылымын зерделеу және оны кодтау мақсатында объектінің кодын бастапқы мәтінге өзгертуді қамтитын техникалық тәсіл; 15-3) компьютерлік бағдарламаны (бағдарламалық қамтылымды) немесе дерекқорды бейімдеу-компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) немесе дерекқордың пайдаланушының нақты техникалық құралдарында немесе пайдаланушының нақты бағдарламаларының басқаруымен жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында ғана жүзеге асырылатын, компьютерлік бағдарламаларға (бағдарламалық қамтылымға) немесе дерекқорға өзгерістер енгізу; 15-4) компьютерлік бағдарламаны (бағдарламалық қамтылымды) немесе дерекқорды түрлендіру (өндеу) - компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) немесе дерекқордың бейімделуге жатпайтын кез келген өзгерістері;»; 4-тармағы 2) тармақшасының оныншы абзацы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін 4-тармақтың 2) тармақшасының оныншы абзацы осы Заңның 2-бабының 3-тармағының редакциясында қолданылады «21-1) құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформа (бұдан әрі - бірыңғай цифрлық платформа) - сараптама ұйымының құқықтарды ұжымдық басқару саласында оның пайдаланылуына бірыңғай қол жеткізу нүктесін осы Заңға сәйкес ұсынатын цифрлық жүйесі; 21-2) құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформа субъектісі - құқық иеленуші, құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйым, пайдаланушы, сараптама ұйымы;»; 40), 41), 42) және 43) тармақшалар алып тасталсын; 45) тармақша «эфирге» деген сөзден кейін «(ретрансляциялауды қоса алғанда)» деген сөздермен толықтырылсын; 45-1) тармақша «эфирге», «Эфирге» деген сөздерден кейін «(ретрансляциялауды қоса алғанда)» деген сөздермен толықтырылсын; 3) 7-бапта: 1-тармақтың 8) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «8) сәндік-қолданбалы өнер туындылары;»; «12) компьютерлік бағдарламалар (бағдарламалық қамтылым);»; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Компьютерлік бағдарламаларды (бағдарламалық қамтылымды) қорғау бастапқы мәтін мен объектінің кодын қоса алғанда, кез келген тілде және кез келген нысанда көрсетілуі мүмкін компьютерлік бағдарламалардың (бағдарламалық қамтылымның) барлық түрлеріне, оның ішінде операциялық жүйелерге қолданылады.»; 4-тармағының 4) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 4) 9-баптың 1-тармағында: үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «Автор жарияланбаған туындыға жеке мүліктік емес құқықтарын куәландыру үшін, сондай-ақ құқық иеленуші туындыға айрықша мүліктік құқықтарды иеленгенін растау үшін авторлық құқық қорғалатын не тиісті шарттар қолданылатын мерзім ішінде кез келген уақытта құқықтар туралы мәліметтерді Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне енгізуге құқылы. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізуді сараптама ұйымы жүзеге асырады. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу тәртібін, сондай-ақ оған мәліметтер мен осы мәліметтерге өзгерістер енгізілгенін растайтын куәліктің нысанын уәкілетті орган бекітеді.»; мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын: «Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне бір жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларын (көрсететін қызметтерін) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың біртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерінен) ажыратуға қызмет ететін (арналған) туындыларға құқықтар туралы мәліметтер енгізілмейді.»; 4-тармағының 5) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі 5) 9-1-бап алып тасталсын; 6) 9-2-бапта: 1-тармақта: 1), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді, өзгерістерді және күшін жоюды енгізеді;»; «3) Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді және оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді; 4) осы Заңда көзделген құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы тізілімдерді қалыптастырады және жүргізеді;»; мынадай мазмұндағы 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын: «5) бірыңғай цифрлық платформаны ендіруді жүзеге асырады, сондай-ақ осы Заңның 44, 46 және 47-баптарына сәйкес құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың және пайдаланушылардың мәліметтерді орналастыруын қамтамасыз етеді; 6) осы Заңның талаптарына сәйкес бірыңғай цифрлық платформаны ақпаратпен толтыруды, дамытуды, сүйемелдеуді және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады; 4-тармағы 6) тармақшасының оныншы абзацы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін 4-тармақтың 6) тармақшасының оныншы абзацы осы Заңның 2-бабының 3-тармағының редакциясында қолданылады 7) бірыңғай цифрлық платформаны мониторингтеуді жүзеге асырады, сондай-ақ бірыңғай цифрлық платформаның цифрлық жүйелермен өзара әрекеттестігін қамтамасыз етеді; 8) бірыңғай цифрлық платформа субъектісіне бірыңғай цифрлық платформаның жұмыс істеуі мәселелері бойынша өтеусіз негізде консультациялық көмек көрсетеді; 4-тармағы 6) тармақшасының он екінші абзацы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін 4-тармақтың 6) тармақшасының он екінші абзацы осы Заңның 2-бабының 3-тармағының редакциясында қолданылады 9) бірыңғай цифрлық платформада орналастырылған деректердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етеді; 10) авторлардың, орындаушылардың, фонограммалар мен дыбыстау-бейнелеу туындыларын шығарушылардың фонограммалар мен дыбыстау-бейнелеу туындыларын жеке мақсатта және табыс алмастан қайта шығарғаны үшін сыйақы алуға құқықтарын жүзеге асыру саласындағы құқықтарды басқаруды жүзеге асырады; 11) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.»; 2-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы және екінші бөлігіндегі «Тізілімге» деген сөз «Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 16-бапта: 3-тармақтың екінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «деректер базасының» деген сөздер «дерекқордың» деген сөзбен ауыстырылып, 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) авторына немесе авторлық құқықты иеленушісіне тиесілі болады.»; 5-тармақтағы «мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын» деген сөздер «құқықтарын ұжымдық басқару жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 16-1-баптың бірінші бөлігіндегі «, туындыны автордың келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығаруға және» деген сөздер «және осы Заңның 26-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) 18-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «деректер базаларын» деген сөздер «дерекқорларды» деген сөзбен ауыстырылып, 3) тармақшасындағы «көзделгендерден басқа реттерді қоспағанда, ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды көшірмелеуге» деген сөздер «көзделген жағдайларды қоспағанда, компьютерлік бағдарламаны (бағдарламалық қамтылымды) қайта шығаруға» деген сөздермен ауыстырылсын; 10) 19-баптың 6) тармақшасы «, тарату, жалпы жұрттың назарына жеткізу, көпшілік алдында орындау» деген сөздермен толықтырылсын; 11) 24-баптың тақырыбындағы және бүкіл мәтіні бойынша «ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды және деректер базасын», «ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды», «кері жазып шығу», «ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның немесе деректер базасының», «ЭЕМ-ге арналған бағдарламаға немесе деректер базасына», «ЭЕМ-ге арналған бағдарлама мен деректер базасының», «ЭЕМ-ге арналған бағдарлама», «ЭЕМ-ге арналған бағдарламаны кері жазып шығуға», «ЭЕМ-ге арнап өз бетінше жасаған бағдарламасының кері жазылып шыққан», «ЭЕМ-ге арналған бағдарламаның кері жазылып шыққан», «ЭЕМ-ге арнап өз бетінше жасалған бағдарламаның», «ЭЕМ-ге арнап кері жазылып шыққан бағдарламаға едәуір ұқсайтын ЭЕМ-ге арналған бағдарламаны», «ЭЕМ-ге арналған бағдарламаны немесе деректер базасын» деген сөздер тиісінше «Компьютерлік бағдарламаларды (бағдарламалық қамтылымды) және дерекқорды», «Компьютерлік бағдарламаларды (бағдарламалық қамтылымды)», «қайта құрастыру», «Компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) немесе дерекқордың», «компьютерлік бағдарламаға (бағдарламалық қамтылымға) немесе дерекқорға»,«компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) және дерекқордың», «Компьютерлік бағдарлама (бағдарламалық қамтылым)», «компьютерлік бағдарламаны (бағдарламалық қамтылымды) қайта құрастыруға», «дербес әзірлеген компьютерлік бағдарламасының (бағдарламалық қамтылымының) қайта құрастырылған», «компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) қайта құрастырылған», «дербес әзірленген компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның)», «қайта құрастырылатын компьютерлік бағдарламаға (бағдарламалық қамтылымға) едәуір ұқсайтын компьютерлік бағдарламаны (бағдарламалық қамтылымды)», «компьютерлік бағдарламаны (бағдарламалық қамтылымды) немесе дерекқорды» деген сөздермен ауыстырылсын; 12) 26-баптың 3, 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «3. Осы Заңның 43-бабының 3-тармағы екінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген сыйақыны жинауды, бөлуді және төлеуді сараптама ұйымы жүзеге асырады. 4. Көрсетілген сыйақыны сараптама ұйымы осы Заңға сәйкес құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдар арасында мынадай пропорцияда бөледі: авторларға - қырық пайыз, орындаушыларға - отыз пайыз, фонограмма шығарушыларға отыз пайыз. 5. Сыйақының мөлшерін, оны жинау, бөлу және төлеу тәртібін Қазақстан Республикасының уәкілетті органы белгілейді.»; 13) 29-баптың 4-тармағындағы «мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын» деген сөздер «құқықтарын ұжымдық басқару жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын; 14) 32-баптың 12-тармағында: 4-тармағы 14) тармақшасының екінші абзацы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі «Электрондық» деген сөз «Цифрлық» деген сөзбен ауыстырылсын; «соның ішінде ЭЕМ-ге және деректер базасына арналған бағдарламаның» деген сөздер «оның ішінде компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) және дерекқордың» деген сөздермен ауыстырылсын; 15) 39-бапта: 2-тармақтағы «құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын» деген сөздер «құқықтарын ұжымдық басқару жөніндегі» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ алып тасталсын; 16) 40-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы «эфирге» деген сөзден кейін «, оның ішінде өз хабарларын ретрансляциялау арқылы» деген сөздермен толықтырылсын; 17) 40-2-баптың бірінші бөлігіндегі «, автордың және фонограмма шығарушының келісімінсіз жеке мақсатта қайта шығаруға және» деген сөздер «және осы Заңның 26-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын; 18) 43-бапта: 3-тармақтың екінші бөлігінде: 1) тармақшадағы «кәбіл бойынша хабарлау немесе эфирде беру, оның ішінде ретрансляциялау арқылы хабарлауға» деген сөздер «кәбіл арқылы хабарлануына немесе эфирге, оның ішінде ретрансляциялау арқылы берілуіне, сондай-ақ жалпы жұрттың назарына жеткізілуіне» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы «туындыларын көпшілік алдында орындау немесе жалпы жұрттың назарына кәбіл бойынша хабарлау немесе эфирде беру» деген сөздер «туындысын көпшілік алдында орындағаны немесе жалпы жұрттың назарына кәбіл арқылы хабарлағаны немесе эфирге бергені, сондай-ақ жалпы жұрттың назарына жеткізгені» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) орындаушылар мен фонограмма шығарушылардың коммерциялық мақсаттарда жарияланған фонограммаларды көпшілік алдында орындағаны, жалпы жұрттың назарына кәбіл арқылы хабарлағаны немесе эфирге бергені, сондай-ақ жалпы жұрттың назарына жеткізгені үшін сыйақы алуға құқықтарын жүзеге асыру;»; 6) тармақша және 7) тармақшадағы «басқару;» деген сөз «басқару салаларында құрылуы мүмкін.» деген сөздермен ауыстырылып, 8) тармақша алып тасталсын; 4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Бұл ретте авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушілер мұндай өкілеттіктерді құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі бір ұйымға ғана бере алады.»; 19) 44-баптың 2-1-тармағында: «Пайдаланушылар» деген сөзден кейін «бірыңғай цифрлық платформа арқылы шарт жасасуға және» деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармағы 19) тармақшасының үшінші абзацы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі «электрондық» деген сөз «цифрлық» деген сөзбен ауыстырылсын; 20) 45-бапта: 4-тармағы 20) тармақшасының екінші абзацы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі 1) тармақшадағы «электрондық» деген сөз «цифрлық» деген сөзбен ауыстырылсын; 3) тармақшадағы «2, 3-тармақтары» деген сөздер «2-тармағы» деген сөздермен ауыстырылсын; 21) мынадай мазмұндағы 45-1-баппен толықтырылсын: «45-1-бап. Бірыңғай цифрлық платформа 1. Сараптама ұйымы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бірыңғай цифрлық платформаны басқаруды жүзеге асырады және оның құқықтарды ұжымдық басқару саласында пайдаланылуына бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынады. 2. Бірыңғай цифрлық платформаның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін сараптама ұйымы мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқару саласындағы мынадай тізілімдерді (бұдан әрі - тізілімдер) қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады: 1) туындылар тізілімі; 2) авторлар мен құқық иеленушілер тізілімі; 3) құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдар тізілімі; 4) пайдаланушылар тізілімі; 5) шарттар тізілімі; 6) бірыңғай цифрлық платформаның жұмыс істеуіне қажетті өзге де тізілімдер. Тізілімдерді қалыптастыру және жүргізу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.»; 22) 46-бапта: 1-тармақта: 1) тармақша «интернет-ресурсындағы» деген сөзден кейін «және бірыңғай цифрлық платформадағы» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) бірыңғай цифрлық платформаны пайдалануға;»; 2) тармақшада: 4-тармағының 22) тармақшасының жетінші абзацы 2029 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі «отыз» деген сөз «жиырма» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Бұл ретте сыйақыны жинау, бөлу және төлеу бойынша өздерінің нақты шығыстарын жабуға арналған сомалар әрбір құқық иеленушіге тиесілі әр сомаға пропорционалды түрде болуға тиіс;»; мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) жиналған, бөлінген, төленген сыйақы, сондай-ақ құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымның шығыстарын жабуға бағытталған сыйақы туралы мәліметтерді уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша бірыңғай цифрлық платформаға енгізуге;»; 6) және 7) тармақшалар «интернет-ресурста», «интернет-ресурсында» деген сөздерден кейін «және бірыңғай цифрлық платформада» деген сөздермен толықтырылсын; 8) тармақша «интернет-ресурсында» деген сөзден кейін «және бірыңғай цифрлық платформада» деген сөздермен толықтырылсын; 9) тармақша «интернет-ресурсында» деген сөзден кейін «және бірыңғай цифрлық платформада» деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармағы 22) тармақшасының он бесінші абзацы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі 11) тармақшадағы «электрондық», «қамтамасыз етуге міндетті.» деген сөздер тиісінше «цифрлық», «қамтамасыз етуге;» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын: «12) он жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай цифрлық платформада: осындай ұйымның жарғысына және өзге де құрылтай құжаттарына енгізілген, әділет органдарында тіркелген өзгерістерді; ұқсас құқықтарды басқаратын шетелдік ұйымдармен өзара мүдделілік білдіру туралы жасалған екіжақты және көпжақты шарттардың көшірмелерін; жалпы жиналыс шешімдерінің көшірмелерін орналастыруға міндетті.»; 1-1-тармақтың екінші бөлігі және 2-тармақтың екінші бөлігі «интернет-ресурсында» деген сөзден кейін «және бірыңғай цифрлық платформада» деген сөздермен толықтырылсын; 23) 46-2-бапта: 1-тармақтағы «осы Заңға» деген сөздер «құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - аккредиттеу жөніндегі комиссия) қорытындысына» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Аккредиттеу жөніндегі комиссияның құрамын және ол туралы ережені, құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарға аккредиттеу жүргізу қағидаларын, оларға қойылатын біліктілік талаптарын уәкілетті орган бекітеді. Аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтетін күн туралы ақпаратты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және өзінің интернет-ресурсында аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өтетін күнге дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей орналастырады.»; 3, 4, 5, 6, 7, 10 және 11-тармақтар алып тасталсын; 24) 47-баптың 1-тармағында: бірінші бөлікте: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «1. Авторлардың, орындаушылардың, фонограмма шығарушылардың немесе авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды өзге де иеленушілердің құқықтарын ұжымдық басқару жөніндегі ұйым жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей, бірыңғай цифрлық платформа арқылы уәкілетті органға:»; 1), 2) және 3) тармақшалар алып тасталсын; үшінші бөлік алып тасталсын; 25) 47-1-бапта: бірінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді; 2), 3), 6) және 7) тармақшалар алып тасталып, 9) тармақшадағы «кері қайтарып алуы мүмкін» деген сөздер «кері қайтарып алады» деген сөздермен ауыстырылсын; 26) 47-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтату туралы ақпарат осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайлар басталған күннен бастап бір ай мерзімде уәкілетті органның интернет-ресурсында және бірыңғай цифрлық платформада орналастырылады.»; 27) 4-тарау мынадай мазмұндағы 47-3-баппен толықтырылсын: «47-3-бап. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру 1. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын уәкілетті орган: 1) аккредиттелген ұйымның қызметі туралы жыл сайынғы есеп белгіленген мерзімде уәкілетті органға ұсынылмаған; 2) аккредиттелген ұйымның қызметі туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын жыл сайынғы есеп уәкілетті органға ұсынылған жағдайларда үш айға тоқтата тұрады. 2. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында және бірыңғай цифрлық платформада осы баптың 1-тармағында көрсетілген жағдайлар басталған күннен бастап бір күн мерзімде орналастырылады.»; 28) 48-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «кәбіл бойынша хабарлауға немесе эфирде беруге» деген сөздер «эфирде (оның ішінде ретрансляциялау) немесе кәбіл арқылы хабарлауға» деген сөздермен ауыстырылсын; 29) мынадай мазмұндағы 48-2-баппен толықтырылсын: «48-2-бап. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылау 1. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметін бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады. 2. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар пайдаланылған туындылар немесе сабақтас құқықтар объектілері, авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану нәтижесінде алынған кірістер туралы мәліметтерді, сондай-ақ авторлық сыйақы төлемдеріне қатысты мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ұсынуға міндетті.».
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |