ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне: 53-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін қамтамасыз ету;». 2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне: 1) 78-баптың екінші бөлігі 7) тармақшасындағы «қатысушысы куә ретінде жауап алынуға жатпайды.» деген сөздер «қатысушысы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл куә ретінде жауап алынуға жатпайды.»; 2) 146-баптың төртінші бөлігіндегі «547 – 551-баптарында» деген сөздер «547 – 551-1-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) мынадай мазмұндағы 551-1-баппен толықтырылсын: «551-1-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу 1. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталу себебі Бірыңғай тізілімде тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының келісімімен ғана жалғастырылуы мүмкін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|