«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Осы редакция 2020 жылғы 3 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары: 1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамамен белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін; 2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын және келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін хабардар етсін. 3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тоқсанның қорытындысы бойынша ұсынылған ақпаратты жинақтасын және келесі тоқсандағы айдың 20-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министрінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 118-ө өкімімен бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|