|
|
|
Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы (2022.22.02. берілген өзгерістермен)
Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № 14 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясы (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 07 шілдедегі Кодексінің 9-, 36-, 102-, 104- және 107- баптарына, «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығына және Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2022 жылғы 12 қаңтардағы шешіміне, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» (бұдан әрі - ҚР БМСД-нің қаулысы) 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2021 жылғы 02 қыркүйектегі № 38, «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, ««Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулыларына сәйкес, соңғы үш күн ішінде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың 5,1 есе өскені байқалады (2022 жылғы 10 қаңтардағы 27 жағдайдан 2022 жылғы 12 қаңтардағы 138 жағдайға дейін) ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Ақмола облысы аумағында шаруашылық және өзге де қызмет пен халықтың өмір сүруінің ерекше жағдайларын эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін Ақмола облысы аумағында шектеу іс-шараларының жүргізілуі қамтамасыз етілсін. Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.28.01. № 4 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Жеке және заңды тұлғалар: 1) ҚР БМСД-нің № 38 қаулыға № 4-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын (бір рет және бірнеше рет қолданылатын бетперделерді) қолдану және кәдеге жарату алгоритмін және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз етсін; 2) қоғамдық тамақтану объектілерінде, үйде, сонымен қатар ашық ауада отбасылық, ас беру (банкет, үйлену той, мерейтой, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын; 3) қоғамдық тамақтану объектілерінде және үйде (отбасылық, естелік іс-шаралары (банкет, үйлену той, мерейтой, мерекелік корпоратив, лотерея ұтыс ойыны) ұйымдастырылған көпшілік жиналатын іс-шараларға, сондай-ақ қызметі ҚР және Ақмола облысы БМСД-нің қолданыстағы қаулыларымен шектелген объектілерге барудан бас тарту ұсынылсын; 4) әлеуметтік қашықтықты және жеке қорғаныш құралдарын (бір рет және бірнеше рет қолданылатын бетперделерді) қолдану мен кәдеге жаратуды сақтай отырып, ойын-сауық орындарсыз саябақтарға, алаңдарға, скверлерге және өзге де демалыс орындарына топта 3 адамнан артық болмауы керек немесе бір отбасы мүшелеріне баруға рұқсат берілсін; 3. Аудандар мен Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларының әкімдері, «Атамекен» ӨКП: 1) InfoKazakhstan.kz сайтында тіркелу негізінде объектілердің қызметін қайта бастауды; 2) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізілген кезде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін InfoKazakhstan.kz сайтында объектінің жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етуді; 3) бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлер дер кезінде шара қабылдау мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan. kz сайтты пайдалануды; 4) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлар мен аудитор ұйымдарының тізімін InfoKazakhstan.kz сайтына орналастыруды; 5) InfoKazakhstan.kz сайтындағы объектінің паспортына келушілердің үй-жайлардың жоспарланған толтырылуы туралы мәліметтерді кәсіпкерлік субъектісінің енгізуін (шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, ҚР БМСД-нің №38 қаулысының қосымшаларында айқындалатын 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі) қамтамасыз етсін. Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.28.01. № 4 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.31.01. № 5 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.10.02. № 7 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.22.02. № 8 қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді 4. Аудандар мен Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларының әкімдері: 1) көпшілік іс-шараларын (мерекелік, діни, көпшілік спорт, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, форум, конференция және т.б. өткізуге), отбасылық іс-шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой, мерекелік корпоратив) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде, сонымен қатар ашық ауада өткізуге тыйым салуды; 2) ойын-сауық мекемелері (түнгі, ойын клубтар және т.б.) және ересектер мен балаларға арналған өзге де ойын-сауық, кальян орындары (сондағы қоғамдық тамақтану объектілеріндегі) қызметіне тыйым салуды; 3) мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге тыйым салуды; 4) көрме өткізуге тыйым салуды; 5) «Ashyq» жобасына қатысатын банкет залдарын қоспағанда, ас беруге тыйым салуды; 6) облысаралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) тасымал қозғалысын тоқтата тұруды; 7) облысаралық, облысішілік тұрақты автобус және шағын автобус тасымалын тоқтата тұруды; 8) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, балалар ойын-сауық орталықтары (жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары, аттракцион мен батут) қызметін тоқтата тұруды; 9) бильярд қызметіне тыйым салуды; 10) караоке қызметіне тыйым салуды; 11) компьютерлік клубтар қызметіне тыйым салуды; 12) банкет залдарының қызметіне тыйым салуды; 13) боулинг клубтарының қызметіне тыйым салуды; 14) мәдени объектілер, кинотеатр, театр, концерт залдары, филармония қызметіне тыйым салуды; 15) лотерея клубтар, букмекерлік кеңселер қызметіне тыйым салуды; 16) көрермендермен бірге спорт іс-шараларын өткізуге тыйым салуды; 17) COVID-19-ға қарсы толық вакцинация курсын алған 10 адамға дейін жеке кездесулер өткізуге рұқсат беруді; 18) қала маңындағы жолаушылар поездарының/электр пойыздарының, жалпы вагонсыз жолаушылар поезд қозғалысына рұқсат беруді; 19) Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға рұқсат беруді (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру); 20) өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК қызметіне рұқсат беруді; 21) толтырылуы 30%-дан артық емес балалар сауықтыру ұйымдары қызметіне рұқсат беруді; 22) ҚР БМСД-нің № 36, 42 қаулыларының талаптарын сақтаған кезде мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне рұқсат беруді; 23) 2022 жылғы 14 ақпаннан бастап барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиісті білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқытуды қамтамасыз етсін. 24) жоғары оқу орындарында және колледждерде аралас форматта - практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәріс онлайн. 25) мектептен тыс ұйымдарда - штаттық форматта. 26) ҚР БМСД № 42 қаулыға 3-қосымшаға сәйкес алгоритмді сақтай отырып, (қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде) кеңестерді (отырыс) бетпе-бет режимде өткізуге рұқсат беруді; 27) жабық үй-жайларда ұжымдық діни іс-шаралардың, оның ішінде «жұма намазы», діни шараларын, күнделікті православиелік дұғалар және басқаларын өткізбей, № 38 ҚР БМСДҚ талаптарын сақталған, оларда орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілері жұмысына тыйым салып, бір адамға жеке кемінде 4 ш.м. есебінен, діни объектілер (мешіт, шіркеу, собор, синагог және т.б.) қызметіне рұқсат беруді; 28) гүлдер дүкені, фотосалон, кітапхана, мұражай қызметіне рұқсат беруді; 29) сауда аймақтарында (бутиктерде) ҚР БМСД-нің № 38 қаулыға 5-қосымшаға сәйкес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 1 адамға 4 ш.м. орын болған жағдайда ашық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар қызметіне рұқсат беруді; 30) - 32) Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.31.01. № 5 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 33) - келушілер арасындағы периметр бойынша кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтау; үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 1,5 м. және орындықтар арасында 60 см болған кезде; - «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда, көпшілік жиналатын салтанатты, отбасылық, ас беру, ұжымдық және т.б. іс-шараларды өткізбей; - ҚР БМСД-нің № 38 қаулы талаптарын сақтай отырып, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан артық емес, режимі сағат 9-дан 22-ге дейін талаптарын сақтай отырып; - сағат 22-ден 09-ға дейін өнімді жеткізіліп қана сатуға жол бере отырып; - «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан, қоғамдық тамақтандыру нысандарында бар үлдірігінде қызмет көрсетуге тыйым сала отырып, дәмхана, мейрамхана типі бойынша, дүкендердегі және (жайлардағы) барлар және банкет залдары, стрит-фуд (отыратын орынсыз бөлек тұратын палатка/ларек, дүңгіршек) т.б. қоғамдық тамақтандыру нысандарының қызметіне рұқсат беруді; 34) (өнімді тек жеткізу арқылы сатып, жұмыс режимін сағат 10-нан 18-ге дейін шектеп) сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтата тұрып, сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлеріндегі фуд-корт қызметіне рұқсат беруді; 35) ҚР БМСД-нің № 38, № 42 қаулылардың талаптарын сақтай отырып, салтанатты, отбасылық, ас беру, ұжымдық іс-шараларды және көпшілік жиналатын т.б. да іс-шараларды өткізбей, бір үстелде 4 адамнан аспайтын келушілер санын сақтай отырып, жұмыс режимі сағат 7-ден 24-ке дейін алкоголь ішімдіктері сатылмайтын асхана типі бойынша (үй-жайдағы) қоғамдық тамақтандыру объектілері қызметіне рұқсат беруді; 36) ҚР БМСД-нің №42 қаулысының талаптарын сақтай отырып, санитариялық нормаларға сай келетін Сәйкестік актісі болған жағдайда клиент залында (4 ш.м. 1 адам және оңтайлы жұмыс аймақтарының шекараларын белгілей отырып, кресло арасында кемінде 2 метр қашықтық) әлеуметтік қашықтық сақталған жағдайда, алдын ала жазылу бойынша, режимі сағат 9-дан 20-ға дейін сұлулық салондары, шаштараздар, маникюр және педикюр қызметтері, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер қызметіне рұқсат беруді; 37) ҚР БМСД-нің №38 қаулы талаптарын сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша толтырылуы 50%-дан асырмай және бір адамға 5 ш.м. кем емес орынды қамтамасыз етіп, сенбі және жексенбі күндері қызметін тоқтата тұрып, режимі сағат 9-дан 20-ға дейін фитнес орталықтары, йога орталықтары, тренажер залдары мен спорт-сауықтыру орталықтары қызметіне рұқсат беруді; 38) ҚР БМСД-нің №38 қаулы талаптарын сақтай отырып, толтырылуы 50%-дан асырмай және бір адамға 4 ш.м. кем емес орын болған жағдайда, режимі сағат 9-дан 20-ға дейін қоғамдық монша қызметіне рұқсат беруді; 39) ҚР БМСД-нің №38 қаулы талаптарын сақтай отырып, бір келушіге 4 ш.м. кем емес және толтырылуы 50%-дан артық емес сенбі және жексенбі күндері қызметін тоқтата тұрып, режимі сағат 9-дан 20-ға дейін сауна қызметіне рұқсат беруді; 40) ҚР БМСД-нің №38 қаулы талаптарын сақтай отырып, клиент залында бір келушіге 4 ш.м. кем емес әлеуметтік қашықтық сақтай отырып, сенбі және жексенбі күндері қызметін тоқтата тұрып, режимі сағат 9-дан 20-ға дейін СПА орталықтары қызметіне рұқсат беруді; 41) ҚР БМСД-нің №38 қаулы талаптарын сақтай отырып, бір адамға су ауданы 5 ш.м. жеке форматта сенбі және жексенбі күндері қызметін тоқтата тұрып, режимі сағат 9-дан 20-ға дейін бассейн қызметіне рұқсат беруді; 42) ҚР БМСД-нің №42 қаулы талаптарын сақтай отырып, туризм объектілері мен адамдар орналасып тұратын салада толықтырылуы 80%-артық емес қызмет көрсететін ұйымдар (қонақ үй, отель, демалыс үй, туристік база және т.б.) қызметіне рұқсат беруді; 43) ҚР БМСД-нің №42 қаулы талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік органдар (ұйымдар мен кәсіпорындар), квазимемлекеттік сектор органдары, ұлттық кампаниялар, өзге де ұйымдар, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері қызметіне рұқсат берілсін. Бұл ретте, тытыс-тіршілікті қамтамасыз ететін маңызды нысандарды және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, қызметкерлердің COVID-19-ға қарсы вакцина алғанына қарамастан штаттық кестеде 30-дан артық қызметкер болғанда, қызметкерлердің кемінде 70%-ы қашықтықтан жұмыс атқарады; 44) ҚР БМСД-нің №42 қаулы талаптарын сақтай отырып, аймақтарға бөлу талаптарын және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим сақталған, алдын ала жазылу бойынша медицина орталықтары, стоматология клиникалары мен кабинеттері қызметіне рұқсат беруді; 45) ҚР БМСД-нің №42 қаулы талаптарын сақтай отырып, дәріхана қызметіне рұқсат беруді; 46) ҚР БМСД-нің №42 қаулы талаптарын сақтай отырып, үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіп кәсіпорындары қызметіне, ашық ауадағы құрылыс жұмыстарына, ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы мен мал шаруашылығына рұқсат беруді; 47) ҚР БМСД-нің № 42 қаулы талаптарын, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, көлік салонында 2 клиенттен артық, ТҚС-да 3 клиенттен артық болмауы керек, тұрақты жұмыс орындары арасында кемінде 2 метр қашықтық болуы, келушілерге жанаспайтын қызмет түрлерін көрсету объектілері (көлік жуу, көлік жөндеу, тұрмыстық техника, сағат, телефон, компьютер, аяқ-киім жөндеу, тігін ательесі, кір жуатын орындар, химиялық тазалау, кілт дайындау, тұрмыстық үй принципі бойынша және т.б.) рұқсат беруді; 48) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актілері негізінде уақыты мен санын шектей отырып, қаржы нарығы субъектілері қызметіне рұқсат беруді; 49) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернат, дарынды балаларға арналған мектеп-интернат қызметіне рұқсат беруді; 50) бетперде режимін және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 15 адамнан артық емес жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парк, қорық, резерват және т.б.) баруға рұқсат беруді; 51) спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы толық вакцинация курсын алғаны туралы құжат түрінде расталған жағдайда облыстық команда дайындау үшін оқу-жаттығуларын жандандыруға рұқсат беруді; 52) ҚР БМСД-нің №42 қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бизнес-орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттік, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары қызметтері және т.б.) жұмысын 1 адамға кемінде 4 шаршы метр әлеуметтік қашықтық сақталып ұйымдастыруды; 53) ҚР БМСД-нің №42 қаулы талаптарын сақтай отырып, туристік компаниялар, айырбастау пункттері, ломбард жұмысын ұйымдастыруды; 54) ҚР БМСД-нің №42 қаулы талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 09-дан 18-ге дейін, сенбі күндері сағат 09-дан 14-ке дейін шектей, барынша онлайн форматта қызмет көрсетіп, «Қазпочта» АҚ жұмысына рұқсат беруді; 55) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі-ХҚКО), оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-ның жұмысын сенбі және жексенбі күндері тоқтата тұрып, жұмыс күндері (дүйсенбі - жұма) сағат 9-дан 18-ге дейін ұйымдастырылсын. Көкшетау қаласында жұмыс режимі сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ХҚКО кезекші бөлімшелерін ұйымдастыруға жол беріледі. Азаматтар «Ashyq» қосымшасы арқылы қабылдансын; 56) ҚР БМСД-нің №42 қаулы талаптарын сақтай отырып (барлық бағыттардағы автобустар санын арттыру, күллі есіктерді ашу, толтырылуы орын саны бойынша) қоғамдық көлік жұмыс істеуіне рұқсат беруді; 57) осы қаулыға № 2 қосымшаға сәйкес эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес келушілердің бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») мәртебесі болған жағдайда «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің қызметі; 58) «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері ҚР БМСД-нің № 10 қаулысына 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін. 59) 12 жастан асқан балаларға ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің рұқсатымен, «Ashyq» қосымшасында, оның ішінде басқа да платформаларда (мысалы, еGOV mobile, Аitu платформасына ұқсас, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, сайт www.ashyq.kz) ерікті тіркеумен компьютерлік клубқа, циркке, кинотеатрға, балаларды сауықтыру орталығына кіруге, облысаралық және қала аралық туристік тасымалдарға рұқсат беруді; 60) қоғамдық көлікті, такси, өнеркәсіптік аумақтарды, әуежайларды, балалар аула алаңдарын, азық-түлік және азық-түлік емес базарларды және басқа да қоғамдық орындарды санитариялық және дезинфекциялық өңдеуді; 61) заңды және жеке тұлғалардың коронавирустық инфекцияның таралу қаупі туындауының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық, шектеу іс-шараларын сақтауына мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін; 62) ҚР БМСД-нің № 5 қаулы талаптарын сақтай отырып, сауда алаңы 6000 ш.м-ге дейін қоса алғанда (азық-түлік) сауда желілерінің қызметіне рұқсат. 63) осы қаулыға № 1 қосымшаға сәйкес әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарына сәйкес шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіне «Ashyq» жобасына қатыспайтын объектілердің қызметі. 5. «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша) «Ashyq» жобаға қатысушылардың арасында бұзушылықтардың алдын алуды жүргізуді қамтамасыз етсін. 6. Меншік түріне қарамастан, кәсіпорындар басшылары қарбалас сәтте қоғамдық көліктерде көп адамның жиналуына жол бермеу мақсатында жұмыс уақыты басталуын сағат 8-ден, 9-дан, 10-нан ауыстыру арқылы жұмыс істейтін адамдар үшін сараланған жұмыс әдісі қарастырылсын. 7. Мемлекеттік органдардың, өнеркәсіп кәсіпорындарының, агроөнеркәсіп секторының басшылары: 1) COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) жұмыскерлерді күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеу; 2) ұйымдардың вакцинацияланбаған жұмыскерлері (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) үшін міндетті түрде ПТР-тестілеуді (7 күнде 1 рет) қамтамасыз етсін. 8. Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқарма басшысы Қазақстан Республикасы және Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қолданыстағы қаулылары талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін. 9. Ақмола облысы Полиция департаменті бастығы: 1) қызметі рұқсат етілген объектілерде карантин шараларының, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін. Бұзушылықтар анықталған кезде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс талаптарына сәйкес тиісті әкімшілік шараларды қолданылсын; 2) COVID-19 байланыста болғандарды карантинге және ауруханаға жатқызылған орындарын күзетуді; 3) COVID-19 байланыста болғандарды, сондай-ақ COVID-19 зертханалық сараптама нәтижесі оң болып анықталған тұлғаларды іздестіру және карантинге орналастыру жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. 10. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшылары: 1) Қазақстан Республикасы және Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындауды; 2) COVID-19-бен ауыратын науқастан сауал алуды; 3) эпидемиологиялық тергеп-тексеру картасын ресімдей отырып, COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тергеп-тексеруді қамтамасыз етсін. COVID-19 жағдайларын эпидемиологиялық тергеп-тексеруді мынадай басымдықта жүргізсін: симптомдары бар COVID-19 жағдайларының ошақтары; симптомсыз ағымы бар COVID-19 жағдайларының ошақтары; өзге де ошақтар. Пациент туралы деректер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19 Веб-қосымшасына енгізіледі; 4) ҚР БМСД-нің №38 қаулыға 37-қосымшаға сәйкес рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Веб-қосымшасына сауалнамаларды бере отырып, оларды тану жүйесімен деректерді өңдеуді; 5) байланыста болған адамдарды оқшаулауды, сондай-ақ карантин жағдайында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды; 6) инфекциялық стационарларда және өзге де денсаулық сақтау ұйымдарында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды; 7) халықты COVID-19-дың таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірлерде қолданылатын шаралар туралы хабардар етуді; 8) ҚР азаматтары, шетел азаматтарының жалпы саны бойынша бөле отырып, COVID-19-бен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз елдерден келген шетелдік азаматтарды бөлек есепке ала отырып, ҚР шекарасын кесіп өтетін адамдар туралы күнделікті мониторингті және өткен тәулік ішіндегі ақпаратты Департаментке сағат 02-00-ге дейін беруді; 9) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (оның ішінде ҰҚК Шекара қызметінің) және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамы (оның ішінде азаматтық персонал) арасында COVID-19 жағдайлары анықталған кезде аталған ведомстволардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерін 2 сағат ішінде хабардар етуді; 10) ҚР БМСД-нің № 1 қаулыға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарының және қауіпсіз «жасыл мәртебе» болған кезде «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарының сақталуын бақылауды; 11) «Ashyq» жобасын ұйымдастыруға және енгізуге қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша жобаға қатысушыларға қатысты және шектеу және карантиндік шараларды бұзуға жол берген адамдарға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз етсін. 11. Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы, аудандар және Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларының әкімдері: 1) бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы 2 күн ішінде қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы халыққа хабардар етуді; 2) халық үшін қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы жаднамалар, оның ішінде шұғыл және апат қызметтерінің барлық қажетті байланыстарын көрсете отырып, шектеу іс-шаралары кезеінде көшелерде қауіпсіздік шараларын, жүріс-тұрыс ережелерін сақтау туралы азаматтарға арналған нұсқаулықтар әзірлеуді; 3) облыс тұрғындары арасында жұқтыру ошақтарын оқшаулау және оның таралу қаупін азайту бойынша қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау жүргізуді қамтамасыз етсін. 12. «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ-ндағы РМК-нің Ақмола облысы бойынша филиалы Қазақстан Республикасы мен Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулы талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін. 13. «Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы» Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 14. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қызметті жүзеге асыратын Ақмола облысы қалалары мен аудандардағы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы. 15. Меншік нысанына қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалар Қаулыны орындауға міндетті. 16. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволар назарына жеткізілсін, халыққа бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін. 17. Осы қаулы қол қайылған күннен бастап күшіне енеді.
Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.28.01. № 4 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.31.01. № 5 Қаулысымен (бұр.ред.қара); Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.22.02. № 8 қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда Ақмола облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 3 қаулысына қосымша
«Ashyq» жобасына қатыспайтын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |