Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы жалға алудың) үлгілік шартын бекіту туралы (2015.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 8-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы жалға алудың) үлгілік шарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитетіне (Е.Қ. Хаиров): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығының» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ивестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|