«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі(бұдан әрі - тізбе) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының жауапты орталық мемлекеттік органдары, жергiлiктi атқарушы органдары: 1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін; 2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және тізбеде белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігін хабардар етсін. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі тоқсан қорытындысы бойынша ұсынылған ақпаратты жинақтасын және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 21 өкімімен бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|