Алматы қаласы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 1/80 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 33 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін. 2. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы М. Сембековке жүктелсін. 4. Алматы қаласы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 2/272, Алматы қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 18 мамырда № 1164 болып тіркелген, «Алматы қаласы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 2/272 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2015 жылғы 20 қазандағы № 4/595, Алматы қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қарашада № 1227 болып тіркелген қаулыларының күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|