Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 3/372 Қаулысымен күші жойылды
Алматы қаласы әкімдігінің 2019.25.09. № 3/553 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 4/635 қаулысымен бекітілді
«Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 501 бұйрығымен бекітілген «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес «Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан-әрі портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған). 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша пайдалы қазбалар жатқан аумақтарда құрылыс салуға рұқсат беру немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - 9 (тоғыз) жұмыс күні.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|