«Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 409 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 409 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу қағидаларында: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Бірыңғай индустрияландыру картасына өнеркәсіп салаларындағы мемлекеттік ынталандыру шараларын алуды жоспарлайтын өнеркәсіптік-инновациялық жобалар енгізіледі.»; 4-тармақ алып тасталсын; 29-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген бірыңғай индустрияландыру картасының өлшемшарттарына сәйкес келмеген кезде бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.»; 34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «34. Жобалар осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген өлшемшартарға сәйкес келмей қалған және жоба бастамашысы себептерін көрсетіп жобаны іске асырудан бас тартқан жағдайларда өзектілендіру қорытындылары бойынша бірыңғай индустрияландыру картасынан алып тасталады.»; 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 5-қосымша осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 225 қаулысымен 1-қосымша
Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды бірыңғай Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|