«Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін. 2. «Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Риддер қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2023 жылғы 5 сәуірдегі № 260 қаулысына Қосымша
«Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. «Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ. 3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|