«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 Қаулысы (2023.20.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 6 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 10-бабының 5-тармағына және 18-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентi (бұдан әрі – Регламент) бекiтiлсiн. 2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Регламенттің 111 және 112-тармақтарының қолданысы заңнамалық актілерді іске асыру үшін бұрын қабылданған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне Регламенттің көрсетілген тармақтары қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданылады деп белгіленсін. 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықта: «1. Жалпы ережелер» деген бөлім: мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Құрылған комиссиялар консультативтік-кеңесші органдар тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) енгізіледі, оны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|