Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы (2018.06.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 10 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 61-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілетін Әлеуметтік-экономикалық даму болжамының қағидалары мен мерзімдері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін. 3. «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бөлімдерінің құрылымын, республиканың және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды параметрлерін есептеуге қажетті көрсеткіштердің нысандарын, тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 107 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9462 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 28 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқарма төрағасы Қ. Келімбетов 2015 жыл 30 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шарушылығы министрі А. Мамытбеков 2015 жыл 24 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов 2015 жыл 14 қаңтар
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|