Қазақстан Республикасында 2020 - 2021 жылға арналған «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларының 47-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауын сапалы іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында 2021 жылға арналған «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін. 2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтау басқармалары (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдары және құрылымдық бөлімшелері: 1) Іс-шаралар жоспарының сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; 2) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Денсаулық сақтау министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпаратты енгізсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен баланың денсаулығын сақтау департаменті: 1) тоқсан сайын Іс-шаралар жоспарының орындалуына мониторинг жүргізсін және қажет болған жағдайда оған өзгерістер (толықтырулар) енгізуге бастамашылық жасасын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|