Мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидаларын бекіту туралы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № 44 бұйрығымен 2022 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
«Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов 2015 жылғы»«
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев 2015 жылғы»«
Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-5/605 бұйрығымен бекітілген
Мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, оларды жою және өтеу қағидалары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|