Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидасын бекіту туралы
Осы редакция 2015 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңның 9-бабы, 1 тармағының 51-4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Е.Н. Нысанбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 17-03/362 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағида
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағида (бұдан әрі - Қағида) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аңшылық шаруашылығы субъектілері - бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда аңшылық шаруашылығын жүргізетін жеке немесе заңды тұлғалар; 2) бонитировка (бағалау) - аңшылық алқаптардың тұрпаттарын бөлу және олардың өнімділігін айқындау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|