Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық және арнайы паспорттардың иелерін өзара визалық талаптардан босату туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама (Астана қ., 2022 жылғы 12 қазанда)
2023 жылғы 27 сәуірде күшіне енді
Бұдан әрі «екі Тарап» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі екі Тарап арасындағы екіжақты қатынастар мен ынтымақтастықты одан әрі нығайту мен дамытуға деген өзара ниетті ескере отырып, 2015 жылғы 26 қазанда Доха қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық және арнайы паспорттардың иелерін өзара визалық талаптардан босату туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 11-бабын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
Келісімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық, арнайы, қызметтік және жалпы азаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім».
Келісімнің 1-бабы мынадай редакцияда жазылсын: «Осы Келісім шеңберінде мынадай паспорттар жарамды болып табылады: Қазақстан Республикасының азаматтары үшін: - дипломатиялық паспорт; - қызметтік паспорт; - Қазақстан Республикасы азаматының паспорты. Қатар Мемлекетінің азаматтары үшін: - дипломатиялық паспорт; - арнайы паспорт; - жалпы азаматтық паспорт».
Келісімнің 2-бабы мынадай редакцияда жазылсын: «Бір Тарап мемлекетінің азаматтары - осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына алғаш келген күнінен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күн кезеңі ішінде 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын кезеңге екінші Тарап мемлекетінің аумағына визасыз келе алады, кете алады, транзитпен өте алады және онда бола алады.».
Келісімнің 3-бабы мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|