Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық, арнайы, қызметтік және жалпы азаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім (Доха қ., 2015 жылғы 26 қазанда) (2023.27.04. берілген өзгерістермен)
2022 ж. 12 қазандағы Хаттамамен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 27 сәуірде күшіне енді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 194 Қаулысымен бекітілді 2016 жылғы 2 қыркүйекте күшіне енді
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі өз мемлекеттерінің достық қатынастарды нығайтуға деген ұмтылысын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының және Қатар Мемлекеті азаматтарының - дипломатиялық және арнайы паспорттар иелерінің екі Тарап мемлекетінің аумағына өзара сапарларына ықпал етуге тілек білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті:
2022 ж. 12 қазандағы Хаттамамен 1-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 27 сәуірде күшіне енді) (бұр.ред.қара) 1-бап
Осы Келісім шеңберінде мынадай паспорттар жарамды болып табылады: Қазақстан Республикасының азаматтары үшін: - дипломатиялық паспорт; - қызметтік паспорт; - Қазақстан Республикасы азаматының паспорты. Қатар Мемлекетінің азаматтары үшін: - дипломатиялық паспорт; - арнайы паспорт; - жалпы азаматтық паспорт
2022 ж. 12 қазандағы Хаттамамен 2-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 27 сәуірде күшіне енді) (бұр.ред.қара) 2-бап
Бір Тарап мемлекетінің азаматтары - осы Келісімнің 1-бабында көрсетілген паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына алғаш келген күнінен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күн кезеңі ішінде 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын кезеңге екінші Тарап мемлекетінің аумағына визасыз келе алады, кете алады, транзитпен өте алады және онда бола алады.
2022 ж. 12 қазандағы Хаттамамен 3-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 27 сәуірде күшіне енді) (бұр.ред.қара) 3-бап
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|