ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне: 1) мазмұны алып тасталсын; 2) 122-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Егер кәмелетке толмаған адамға туысы, өгей әкесі (өгей шешесі) тұлғасында дереу қорғаншы немесе қамқоршы тағайындау қажет болса, ол баланы отбасына тәрбиелеуге қабылдаған кезден бастап күнтізбелік бір жыл ішінде психологиялық даярлықтан өткен жағдайда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар психологиялық даярлықтан өткізбестен қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеуге құқылы. Қорғаншы немесе қамқоршы белгіленген мерзімде психологиялық даярлықтан өтпеген жағдайда, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган қорғаншылықтың немесе қамқоршылықтың күшін жою туралы мәселеге бастамашылық жасайды.». 2. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Кодексіне: 12-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартына, медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес оңалту қызметтерін көрсету мақсатында республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада, сондай-ақ аудан орталықтарында, оның ішінде осы елді мекендердің денсаулық сақтау субъектілерінің қолданыстағы инфрақұрылым объектілерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған медициналық оңалту орталықтарын (бөлімшелерін) құрады;». 3. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|