Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын қаржы агенті арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін айқындау туралы
«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктері; 2) «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамы өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне кредит беруді жүзеге асыратын қаржы агенті болып айқындалсын. 2. «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 44 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2022 жылғы 25 шiлдедегi № 517 қаулысына қосымша
Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беру шарттары мен тетіктерінде (бұдан әрі – шарттар мен тетіктер) мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері – өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын не өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, жай серіктестіктер; 2) қаржы агенті – өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қаржы институттары арқылы кредит беруді іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|