Атырау қаласы Мәслихатының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 506 «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2022 жылғы 24 мамырдағы № 166 шешімімен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына және Атырау қалалық әкімдігінің 2021 жылғы 25 ақпандағы № 505 «Атырау қалалық әкімдігінің 2020 жылғы 4 маусымдағы № 1091 «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысын қарап, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Атырау қаласы Мәслихатының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 506 «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4695 болып тіркелген, 2020 жылы 17 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін: 1) шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын: «Өтініш білдірген айдың алдындағы тоқсандағы отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы Атырау облысы бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінен төмен адамдарға (отбасыларға) 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде біржолғы әлеуметтік көмек белгіленсін.»; 2) осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес көрсетілген шешімнің 1 және 2 қосымшалары жаңа редакцияда мазмұндалсын. 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау қаласы Мәслихатының әлеуметтік, құқық тәртібі және депутаттық өкілеттілігі салалары бойынша тұрақты комиссиясына (Г. Дүсіпова) жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|