Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Шу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Baiken Minerals» (Байкен Минералз) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Жамбыл облысы, Шу ауданында орналасқан пайдалы қазбалар қорын анықтау бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2026 жылдың 19 наурызға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін. 2. «Baiken Minerals» (Байкен Минералз) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер пайдаланушыларға қауымдық сервитут белгілеуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және пайдалы қазбалар қорын анықтау бойынша іздестіру жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін. 3. «Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы қаулының Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә. Балқыбековке жүктелсін. 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шу ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 665 қаулыға қосымша
Жамбыл облысы Шу ауданы аумағынан «Baiken Minerals» жауаркершілігі шектеулі серіктестігі тау кендік бөлу учаскесін жер пайдаланушылар бөлінісіндегі жерлер нысаналы пайдалану (сервитут) құқығын беретін жерлердің ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|