Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы (2017.30.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 13 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 13 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2015.25.12. № 1063 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. ҚР Үкіметінің 2017.30.01. № 29 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. «Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1398 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 646-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде: 21, 69, 75, 76, 77 және 78-тармақтар алынып тасталсын; 74-тармақтағы «жүргізуге тиіс» деген сөздер «жүргізеді» деген сөзбен ауыстырылсын. 4. «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 4, 48-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Сәйкестікті растау рәсімдері» техникалық регламентінде: 3-тармақтағы «міндетті» деген сөз алынып тасталсын; екінші абзацтағы «, оның ішінде шетелдік және халықаралық практикада қабылданған» деген сөздер алынып тасталсын; үшінші абзацтағы «Ерікті» деген сөз алынып тасталсын; 12-тармақтағы «3-тармағына» деген сөздер «3 және 4-тармақтарына» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) үлгілерді сәйкестендіру, іріктеу және оларды сынау;»; 9) тармақшадағы «объектіні» деген сөз «өнімді» деген сөзбен ауыстырылсын; 18-тармақтың бірінші абзацында: «он бес» деген сөздер «үш» деген сөзбен ауыстырылсын; «он» деген сөз «бір» деген сөзбен ауыстырылсын; 20-тармақтың екінші абзацындағы «осы Регламенттің 11-тармағына сәйкес» деген сөздер алынып тасталсын; 21-тармақта «зертхана» деген сөзден кейін «немесе өтінім беруші тағайындаған сарапшы-аудиторлардан тұратын комиссия»; 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «22. Үлгілерді іріктеу осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актімен рәсімделеді.»; екінші абзацтағы «сертификаттық сынақтарды өткізген зертханаларда» деген сөздер алынып тасталсын; үшінші абзац алынып тасталсын; 31 және 49-тармақтардағы «өндіріс немесе» деген сөздер алынып тасталсын; екінші абзацтағы «сәйкестік туралы» деген сөздер алынып тасталсын; 2) тармақшадағы «және өндіріс» деген сөздер алынып тасталсын; 3) тармақшадағы «міндетті» деген сөз алынып тасталсын; 33-тармақтағы «сәйкестік туралы» деген сөздер алынып тасталсын, «қоса берілуге тиіс» деген сөздер «қоса беріледі» деген сөздермен ауыстырылсын; 35-тармақтағы «өндірістің сертификатталуына» деген сөздер алынып тасталсын; үшінші абзацтағы «Сертификатта мыналар көрсетілуге тиіс:» деген сөздер «Сертификат стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес нысан бойынша ресімделеді және мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші, бесінші абзацтар алынып тасталсын; бірінші абзацтағы «өндіріс сертификатталған немесе» деген сөздер алынып тасталсын; екінші абзац алынып тасталсын; 43-тармақтағы «жасалады» деген сөз «жасауға рұқсат етіледі» деген сөздермен ауыстырылсын; 44-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Соның негізінде берілген құжаттармен бірге Сәйкестік сертификатының берілген көшірмелерінің саны туралы ақпарат оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде бір жыл бойы Органда сақталады.»; 45-тармақтағы «осы сертификатты» деген сөздерден кейін «берген» деген сөзбен толықтырылсын; 52-тармақтың бірінші абзацындағы «аккредиттелген зертханада» деген сөздер «сынақ зертханасында» деген сөздермен ауыстырылсын; 57-тармақтың 2) тармақшасындағы «міндетті» деген сөз алынып тасталсын; 61-тармақтың 9) тармақшасындағы «сертификаттау жөніндегі қызметке» деген сөздер «сертификатталған қызметіне» деген сөздермен ауыстырылсын; 63-тармақтағы «бір ай» деген сөздер «он күн» деген сөздермен ауыстырылсын; 80-тармақтың 2) тармақшасындағы «техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға» деген сөздер «техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын; 91-тармақтың бірінші абзацындағы «10» деген сандар «3» деген санымен ауыстырылсын; Техникалық регламентке 1-қосымшада: 5-бағанның тақырыбындағы «Сертификаттаудың» деген сөз «Сертификаттың» деген сөзбен ауыстырылсын; реттік нөмірі 5-жолдың 3-бағанындағы «Өндірісті немесе» деген сөздер алынып тасталсын; реттік нөмірі 7-жолдың 4-бағанындағы «Белгіленбейді» деген сөздер 5-бағанға «Белгіленеді бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды» деген сөздермен ауыстырылсын; реттік нөмірі 8-жолдың 4-бағанындағы «Белгіленбейді» деген сөз алынып тасталып, 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Белгіленеді, бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды»; реттік нөмірі 9-жолда: 2-бағандағы «сәйкестік туралы» деген сөздер алынып тасталсын; 4-бағандағы «Белгіленбейді, бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды» деген сөздер 5-бағанға «Белгіленеді, бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды» деген сөздермен ауыстырылсын; реттік нөмірі 10-жолдың 2-бағанындағы «сәйкестік туралы» деген сөздер алынып тасталсын; Ескертпенің екінші абзацындағы «өндіріске немесе» деген сөздер алынып тасталсын; Техникалық регламентке 4-қосымшада: «сәйкестікті растау жөніндегі орган өкілі» деген сөздер алынып тасталсын. 5. ҚР Үкіметінің 2012.30.07. № 1004 Қаулысымен күші жойылды (2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6. «Синтетикалық жуғыш құралдар және тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 наурыздағы № 217 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 12-13, 119-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентінде: 41-тармақтың 2) тармақшасындағы «(пиктограммамен сәйкестікке)» деген сөздер алынып тасталсын. 7. ҚР Үкіметінің 2017.30.01. № 29 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
|