Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 19 қазандағы № 162-ө өкімімен бекітілген
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 33-ө өкімінде: көрсетілген өкімге қосымшада: Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамында: «Қазақстан Республикасының Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрі» деген жол алып тасталсын; «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының Көлік министрі Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі»; «Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары немесе Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін көмекшісі (келісім бойынша).»деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі (келісу бойынша).»; көрсетілген өкіммен бекітілген Экономикалық саясат жөніндегі кеңес туралы ережеде: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. ЭСК-нің қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.». 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкімінде: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|