«Еларалық есептіліктің және халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысандарын және олардың толтыру қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 14 ақпандағы № 178 және «Трансферттік баға белгілеу бойынша жергілікті, негізгі және еларалық есептілік нысандарын және оларды толтыру қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 1104 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Еларалық есептіліктің және халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысандарын және олардың толтыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 178 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16462 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысанын және оны толтыру қағидаларын бекіту туралы»; көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: ««Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес халықаралық топқа қатысу туралы өтінішті толтыру нысаны; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысанын толтыру қағидалары.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық топқа қатысу туралы өтініштің нысанын толтыру қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|