ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы
Осы редакция 2022 жылғы 12 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. 2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше осы Заңға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн: 1) кiрiстер – 12 848 935 138 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер бойынша – 8 919 134 985 мың теңге; салықтық емес түсiмдер бойынша – 286 053 324 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 2 251 000 мың теңге; трансферттер түсiмдерi бойынша – 3 641 495 829 мың теңге; 2) шығындар – 15 645 414 740 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу – 106 429 972 мың теңге, оның iшiнде: бюджеттiк кредиттер – 263 831 891 мың теңге; бюджеттiк кредиттердi өтеу – 157 401 919 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 2 999 943 мың теңге, оның iшiнде: қаржы активтерiн сатып алу – 2 999 943 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы – -2 905 909 517 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 3,3 пайызы; 6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы – -7 043 674 017 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 8,1 пайызы; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 2 905 909 517 мың теңге.
2-бап. 2022 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 48 875 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 8 516 575 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсiмдері көзделсiн.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2022 жылға арналған түсiмдердiң көлемдерi осы Заңға 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есепке жатқызылатын болып белгiленсiн: 1) Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың бюджет түсімдері сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша – жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режимі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|