Патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбелерін бекіту туралы (2020.24.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 6 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес патент қабілеттілігі мемлекеттік сынақтың деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес патент қабілеттілігі өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес шаруашылықта пайдалылығы өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|