|
Субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы (2021.18.10. берілген өзгерістермен)
Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 маусымдағы № А-6/261 Қаулысымен күші жойылды
«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Бекітілсін: 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормалары; 2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері. 2. «Субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № А-6/322 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7905 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғ.К. Әбдіхалықовқа жүктелсін. 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/177 қаулысына 1-қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|