|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат): 125-баптың 2-тармағы «үшінші жақтар» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын. 2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104- құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25- құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат): 1) мазмұнында: мынадай мазмұндағы 897-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын: «897-1-бап. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын тіркеу»; 993, 997, 998, 999 және 1003-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын: «993-бап. Патентке берілетін құқыққа билік ету»; «997-бап. Автордың қызметтiк өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсiптiк үлгi үшiн сыйақы алуға құқығы; 998-бап. Патенттің Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуы 999-бап. Патенттің қолданылу мерзімі»; «1003-бап. Патентті бұзғаны үшін жауаптылық»; 2) мынадай мазмұндағы 897-1-баппен толықтырылсын: «897-1-бап. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын тіркеу 1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, интегралдық микросхемалар топологияларына айрықша құқықтар кешенін беру туралы талаптарды қамтитын кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты патенттік органда (ұйымда) тіркелуге жатады. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шартты тіркеу тәртібіне лицензиялық шартты тіркеу туралы ережелер қолданылады.»; 3) 964-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Айрықша құқықтар объектiсiн басқа тұлғалардың пайдалануына құқық иеленушінің келісімімен не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жол берiледi.»; 4) 972-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы «қала құрылысы» деген сөздерден кейін «, дизайн» деген сөзбен толықтырылсын; 5) 978-бапта: 2-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «2. Автордың туындыны пайдалануға айрықша құқықтары мынадай әрекеттердi жүзеге асыру, жүзеге асыруға рұқсат беру немесе тыйым салу құқығын білдіреді:»; 10) тармақшадағы «заң актілеріне», «іс-әрекеттерді жүзеге асыруына рұқсат етуіне немесе тыйым салуға құқылы» деген сөздер тиісінше «заңнамалық актiлерге», «әрекеттерді жүзеге асыруына» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ алып тасталсын; 6) 986-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Орындалатын туынды авторларының құқықтары сақталған кезде, орындаушы осы тарауда көзделген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтарды жүзеге асырады.»; 7) 991-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгiге құқықтар патентпен қорғалады.»; 3-тармақтағы «өндiрiс құралдары мен тұтыну заттарын конструкторлық орындау» деген сөздер «техникалық шешім» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақта: «Инновациялық патент және патент» деген сөздер «Патент» деген сөзбен ауыстырылсын; «оларды беру тәртiбi заң актiсiмен» деген сөздер «оны беру тәртiбi заңнамалық актiде» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақтағы «өндiрiс құралдары мен тұтыну заттарын конструкторлық орындаулардың,» деген сөздер алып тасталсын; 8) 992-баптың мәтініндегі «иесiнiң» деген сөз «иеленушінің» деген сөзбен ауыстырылып, «инновациялық патентпен немесе» деген сөздер алып тасталсын; 9) 993-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «және инновациялық патентке», «және инновациялық патентті» деген сөздер алып тасталып, «, және патент пен инновациялық» деген сөздер «және» деген сөзбен ауыстырылсын; 10) 994-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң авторына авторлық құқық тиесілі болады.»; 11) 996 және 997-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «996-бап. Қызметтік өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер Қызметкер өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн немесе жұмыс берушiнiң нақты тапсырмасын орындаған кезде жасаған өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсiптiк үлгiге (қызметтік өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге) патентке берiлетiн құқық, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс берушiге тиесілі болады. 997-бап. Автордың қызметтiк өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсiптiк үлгi үшiн сыйақы алуға құқығы Авторға қызметтiк өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсiптiк үлгi үшiн сыйақы мөлшерi, оны төлеу талаптары және тәртiбi өзі мен жұмыс берушi арасындағы келiсiмде айқындалады. Келiсiмге қол жеткізілмеген жағдайда шешiмдi сот қабылдайды. Егер қызметтiк өнертабысты, пайдалы модельдi немесе өнеркәсiптiк үлгiнi жасаудағы автор мен жұмыс берушiнiң үлесiн мөлшерлеу мүмкiн болмаса, жұмыс берушi алған немесе алуға тиіс болған пайданың жартысына автордың құқығы танылады.»; 12) 998-бапта: тақырыптағы «Инновациялық патент пен патенттiң» деген сөздер «Патенттің» деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақтағы «өнертабысқа инновациялық патент, патент, пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгiге патент» деген сөздер «өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгiге патенттер» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта: «заң актiлерi қоятын», «шетелдiк азаматтар» деген сөздер тиісінше «заңнамалық актiлерiнде қойылатын», «шетелдіктер» деген сөздермен ауыстырылсын; «инновациялық патент пен өнертабысқа патент, пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгіге» деген сөздер «өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсiптiк үлгіге» деген сөздермен ауыстырылсын; 13) 999 және 1000-баптар мынадай редакцияда жазылсын: «999-бап. Патенттiң қолданылу мерзiмi 1. Патент патенттiк органға (ұйымға) өтiнiм берілген күннен бастап қолданылады және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптар сақталған кезде: 1) өнертабысқа патент - жиырма жыл бойы күшiн сақтайды. Қолданылуы үшін Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен рұқсаттар алу талап етілетін дәрілік затқа, пестицидке (улы химикатқа) жататын өнертабысқа қатысты айрықша құқықтың және осы құқықты куәландыратын патенттің қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтінішхаты бойынша, бірақ бес жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкін. Көрсетілген мерзім бес жыл шегеріле отырып, өнертабысқа патент беруге өтінім берілген күннен бастап өнертабысты қолдануға алғашқы рұқсат алынған күнге дейін өткен уақытқа ұзартылады; 2) пайдалы модельге патент - бес жыл бойы күшiн сақтайды. Патенттің қолданылу мерзімін патенттік орган (ұйым) патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бірақ үш жылдан аспайтындай етіп ұзартуы мүмкiн; 3) өнеркәсiптiк үлгiге патент - он бес жыл бойы күшiн сақтайды. Патенттің қолданылу мерзімін патенттік орган (ұйым) патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бірақ бес жылдан аспайтындай етіп ұзартуы мүмкiн. 2. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi қорғау патенттік органға (ұйымға) өтiнiм берілген күннен бастап қолданылады. Құқықтарды қорғау патент берiлгеннен кейiн жүзеге асырылуы мүмкiн. Патент беруден бас тартылған жағдайда, қорғауға алынбаған деп есептеледі. 3. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң басымдығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен айқындалады. 4. Айрықша құқықтың қолданылу мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, өнертабыс, пайдалы модель немесе өнеркәсіптік үлгі қоғамдық игілікке өтеді. 5. Қоғамдық игілікке өткен өнертабысты, пайдалы модельді немесе өнеркәсіптік үлгіні кез келген адам ешкімнің келісімінсіз немесе рұқсатынсыз және пайдаланғаны үшін сыйақы төлемінсіз еркін пайдалана алады. 1000-бап. Патенттік құқықтарды беру туралы шарт Патенттi басқаға беру туралы шарт жазбаша нысанда жасалуға тиіс және патенттiк органда (ұйымда) тiркелуге жатады. Жазбаша нысанның немесе тiркеу туралы талаптың сақталмауы шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.»; 14) 1003-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «Инновациялық патент пен патентті», «жауапкершiлiк», «иесінің», «инновациялық патент пен патенттi», «иесіне», «иесі» деген сөздер тиісінше «Патентті», «жауаптылық», «иеленушінің», «патентті», «иеленушіге», «иеленуші» деген сөздермен ауыстырылсын; 15) 1004-баптың 2-тармағының бірінші сөйлеміндегі «инновациялық патент немесе» деген сөздер алып тасталып, «иесінің» деген сөз «иеленушінің» деген сөзбен ауыстырылсын. 3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат): 1) 539-баптың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) патент бергенi үшiн, тауар белгісін, тауар шығарылатын жердің атауын тіркегені үшiн - 100 пайыз; 2) жалпы жұртқа белгiлi тауар белгісін тiркегенi үшiн - 100 пайыз; 2) 547-баптың 2-тармағының 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «14) зияткерлiк меншiк саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның патенттер беруге, тауар белгілерін және тауарлар шығарылатын жердің атауларын тіркеуге, жалпы жұртқа белгiлi тауар белгісін тіркеуге, шарттарды тiркеуге, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттауға және патенттік сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу туралы куәлiк беруге байланысты заңды мәнi бар әрекеттер жасағаны үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.». 4. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 237-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 25-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат): 1) 2-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «7) айрықша құқық - автордың және (немесе) өзге де құқық иеленушінің туындыны және (немесе) сабақтас құқықтар объектісін белгіленген мерзім ішінде кез келген тәсілмен пайдалануды жүзеге асыруға, оған рұқсат беруге және тыйым салуға мүліктік құқығы;»; 2) 7-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы «қала құрылысы» деген сөздерден кейін «, дизайн» деген сөзбен толықтырылсын; 3) 9-бапта: тақырыптағы және 1-тармақтың үшінші бөлігінің бірінші сөйлеміндегі «ақиқаттылығы», «ресми тiзiлiмдерде» деген сөздер тиісінше «презумпциясы», «авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тiзiлiмінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Өзге де дәлелдеме болмаған кезде туындының түпнұсқасында немесе данасында автор ретiнде көрсетiлген адам туындының авторы - авторлықтың презумпциясы деп есептеледі. Авторлықтың презумпциясы тек автордың өзіне қатысты ғана қолданылады.»; 4) 9-1-бапта: 6-тармақтың бірінші абзацындағы «бақша-парк» деген сөздер «дизайн, бау-саябақ» деген сөздермен ауыстырылсын; 16-тармақта: бірінші сөйлем «беру» деген сөзден кейін «және авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу» деген сөздермен толықтырылсын; екінші сөйлем «нысанын» деген сөзден кейін «және авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне енгізілетін мәліметтердің тізбесін» деген сөздермен толықтырылсын; 5) 15-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «қол сұғуға жол бермеу», «ар-ожданына яки» деген сөздер тиісінше «қол сұғылмаушылық құқығы», «абыройына немесе» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 19-бап мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын: «7) кітапханалардың және мұрағаттардың туындының жоғалған немесе бүлінген даналарын ауыстыру мақсатында құқыққа сыйымды жарияланған туындыларды пайда алмастан цифрлық форматқа ауыстыру арқылы туындының жалғыз данасын қайта шығаруы, сондай-ақ өздерінің қорларынан туындыны қандай да бір себептермен жоғалтқан басқа да кітапханаларға туындының даналарын беру.»; 7) 32-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «32-бап. Авторлық шарттың талаптары мен нысаны»; 8) 33-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Тапсырыстың авторлық шартында туынды тапсырыс берушіге берілуге тиіс мерзім, сондай-ақ туындыны пайдалануға мүліктік құқықтарды беру көзделуге тиіс.»; 9) 44-бапта: мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Пайдаланушылар мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымға авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану туралы есепті, сондай-ақ сыйақыны жинау және бөлу үшін қажетті өзге де мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға міндетті, олардың тізбесі мен ұсынылу мерзімдері лицензиялық шартта айқындалады.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйым жиналған сыйақыны бөлу және төлеу үшін шаралар қолдануға міндетті. Жиналған сыйақыны пайдаланушылардың авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануы туралы есептерінің ұсынылмауына байланысты бөлу және сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайда, мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым мұндай бөлінбеген сыйақыны сақтауға, ал ұйым шотына келіп түскен күнінен бастап үш жыл өткеннен кейін оны авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушілердің жалпы жиналысында айқындалатын тәртіппен бөлінетін сомаларға қосуға міндетті. Авторлық және сабақтас құқықтардың нақты иеленушілеріне бөлінген және олардың есебіне жазылған жиналған сыйақы сомалары мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның шотында сақталуға және ұйымның шотында мұндай сомалардың сақталу мерзіміне қарамастан, тиісті авторға және (немесе) құқық иеленушіге мұндай тұлғалардың табылуына немесе өтініш білдіруіне қарай төленуге тиіс.»; 10) 46-бапта: 1-тармақта: 2) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын: «Сыйақыны жинау, бөлу және төлеу бойынша өзінің нақты шығыстарын жабуға арналған сомалар жиналған сыйақының жалпы сомасының отыз пайызынан аспауға тиіс;»; 3) тармақшаның екінші сөйлемінде: «ақылға қонымды және жеткілікті» деген сөздер алып тасталсын; «қабылдауға» деген сөз «қолдануға, оның ішінде мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын басқа да ұйымдардан, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған ақпаратты осы мақсат үшін пайдалануға» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) тармақшадағы «орналастыруға міндетті.» деген сөздер «орналастыруға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын: «8) уәкілетті органға жіберілетін есептерді Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында, өзінің интернет-ресурсында жария етуге; 9) пайдаланушылармен жасалған лицензиялық шарттар туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.»; 2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды иеленушіден тиісті хабарламаны алған күннен бастап үш ай өткеннен кейін мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым олар көрсеткен құқықтарды және (немесе) объектілерді барлық пайдаланушылармен жасалған лицензиялық шарттардан алып тастауға және бұл жөніндегі ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында, өзінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды иеленушіге бұрын жасалған лицензиялық шарттарға сәйкес пайдаланушылардан алынған, оған тиесілі сыйақыны төлеуге және оған есеп беруге міндетті.»; 11) 46-2-бапта: 3-тармақтың екінші бөлігіндегі «барлық», «күнтізбелік алпыс күннен» деген сөздер тиісінше «бүкіл», «отыз жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтың екінші сөйлеміндегі «күнтізбелік отыз күннен» деген сөздер «он жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақтағы «шешім», «шешімі» деген сөздер тиісінше «қорытынды», «қорытындысы» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақта: екінші бөлікте: 1) тармақшадағы «бір» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы «үш» деген сөз «сегіз» деген сөзбен ауыстырылсын; 4) тармақшадағы «болуын назарға алуға тиіс.» деген сөздер «болуын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын: «5) ұйымның осы Заңның 46-бабында көзделген міндеттерді тиісінше орындауын; 6) басқа мемлекеттердің мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарына мүдделерді өзара білдіру туралы қолданыстағы шарттардың негізінде сыйақының тиісті сомаларының аударылғаны туралы растайтын құжаттардың болуын; 7) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіргені, сондай-ақ қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту фактілерін назарға алуға тиіс.»; үшінші бөліктің 2) тармақшасындағы «болмаған жағдайларда аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.» деген сөздер «болмаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын: «3) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіргені, сондай-ақ қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған; 4) ұйым осы Заңның 46-бабында көзделген міндеттерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайларда аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.»; 12) 47-бапта: 1-тармақта: бірінші абзацтағы «31 наурызынан» деген сөздер «15 сәуірінен» деген сөздермен ауыстырылсын; 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «1) мұндай ұйымның жарғысына және өзге де құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер; 2) мұндай ұйымның осыған ұқсас құқықтарды басқаратын шетелдiк ұйымдармен жасасқан екiжақты және көпжақты келiсiмдерi; 3) жалпы жиналыстың шешiмдерi; 4) талап етiлмеген сыйақылар туралы мәлiметтердi қоса алғанда, осындай ұйымның жылдық балансы, жылдық есебi, сондай-ақ аудиторлық есебі; 5) мұндай ұйымды білдіруге уәкілеттік берілген адамдардың тектерi.»; 2-тармақтағы «ұжымдық негiзде мүлiктiк құқықтарды», «ақпаратты» деген сөздер тиісінше «мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде», «ақпаратты және құжаттарды» деген сөздермен ауыстырылсын; 13) 47-1-баптың 7) тармақшасындағы «қолданбаған жағдайда қайтарып алуы мүмкін.» деген сөздер «қолданбаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын: «8) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіргені, сондай-ақ қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайларда кері қайтарып алуы мүмкін.»;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |