Шортанды аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № С-11/3 «Шортанды ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 қазандағы № 8С-9/2 шешімімен күші жойылды
Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Шортанды аудандық мәслихатының «Шортанды ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы» 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № С-11/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5710 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Шортанды ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»; көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын: ««Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»; көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Шортанды ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»; көрсетілген шешімнің 2-тармағы алып тасталсын; көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|