ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесі мәселелері
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне: 1) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Сот жүйесін қаржыландыру ерекшеліктері «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында реттеледі.»; 2) 2-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Осы Кодекстің ережелері «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында реттелмеген бөлігінде сот жүйесін қаржыландыруға қолданылады.». 2. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне: 1) мазмұны алып тасталсын; 2) 18-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «3. Сот актілерін, сол сияқты сот талаптарын орындамау осы Кодексте көзделген процестік мәжбүрлеу шараларын қолдануға және заңда көзделген жауаптылыққа алып келеді.»; 3) 127-баптың төртінші бөлігіндегі «көрсеткішке дейінгі мөлшерде» деген сөздер «көрсеткіш мөлшерінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 138-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «138-бап. Келіп түскен іс бойынша соттың (судьяның) әрекеттері»; екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Сот (судья) мынадай негіздер бойынша талап қоюды қайтару туралы ұйғарым шығарады:»; 5) 143-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: «Осы Кодекстің 102-бабының үшінші бөлігінде көзделген даулар бойынша әкімшілік істерді алдын ала тыңдау сотқа талап қою берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс.». 3. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|