Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы (2023.04.10. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2021 жылғы 14 тамыздағы № 559 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде: орталық аппараттың функцияларында: 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлейді және орындайды;»; 13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «13) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерді әзірлейді, бекітеді, жояды, тоқтата тұрады, сондай-ақ техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;»; 45), 70) және 92) тармақшалар алып тасталсын; 131) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «131) ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен нормативтерді, нормативтік құжаттарды әзірлейді және бекітеді;»; 140) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «140) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестер құрады;»; мынадай мазмұндағы 140-1) тармақшамен толықтырылсын: «140-1) техникалық реттеу саласындағы сараптамалық кеңестердің құрамын және олар туралы ережелерді бекітеді;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|