Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту туралы (2025.25.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2025.13.01. № 8/НҚ бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 25 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 8-8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 97) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|