Республикалық маңызы бар автомобиль жолының Қонаев - Талдықорған учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы (2023.03.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022.09.12. № 702 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022.09.12. № 702 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Мыналар: 1) I-б санатты «Алматы - Өскемен - Шемонайха - Ресей Федерациясының шекарасы (Сарқанд, Аягөз айналма жолдарымен және Мұқры шатқалына кіреберісімен)» республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының «Қонаев - Талдықорған» 67+000 километр (бұдан әрі - км) - 253+000 км учаскесі ақылы негізде (бұдан әрі - ақылы жол (учаске)) пайдаланылатыны; 2) жүріп өту мынадай баламалы жол арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) - Көкпек, Көктал, Қайнар арқылы Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас республикалық маңызы бар автомобиль жолының Алматы - Көкпек - Көктал учаскесі, Сарыөзек - Көктал республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Көктал - Байғазы» учаскесі, Қоғалы - Көксу - Қарабұлақ облыстық маңызы бар автомобиль жолының Байғазы - Қоғалы - Қарабұлақ - Талдықорған учаскесі; 3) ақылы жолдың бастапқы пункті - 67+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті - 253+000 км; 4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес; 5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы - І-б санатты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері: автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,75 метр; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|