Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен операцияларды жүргізуі тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен операцияларды жүргізуі тәртібі бекітілсін. 2. Монетарлық операциялар департаменті (Молдабекова Ә.М.) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастырсын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Е.А. Біртановқа жүктелсін. 4. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 202 қаулысымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен операцияларды жүргізуі тәртібі
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен операцияларды жүргізуі тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) қолма-қол шетел валютасымен операцияларды жүргізу тәртібін айқындайды. 2. Тәртіпте мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады: 1) банкаралық нарық - ұйымдастырылмаған нарықта қолма-қол шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату бойынша операцияларды жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастардың жиынтығы; 2) валюталау күні - жасалған мәміле бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру күні; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|