«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін. 2. Жауапты орталық мемлекеттік органдар: 1) тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық актілерді белгіленген тәртіппен әзірлесін және қабылдасын; 2) 2015 жылғы 30 маусымға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 2015 жылғы 10 шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы өкімнің орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. 4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|