|
|
|
Осы редакция 2015 жылғы 24 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығына 4-қосымша
«Ветеринариялық анықтамалар беру»
1. «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринарлық ұйымдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған қүннен бастап жүгінген күн ішінде; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут; 3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - ветеринариялық анықтама, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Берілген ветеринариялық анықтамалар туралы мәлеметтер «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) тегін көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |