Осы редакция 2019 жылғы 17 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 cәуірдегі № 146 бұйрығына 4-қосымша
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (2017.02.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2017.02.03. № 53 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет). 2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әзiрледi. 3. Мемлекеттiк қызмет облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарынымен (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижеcін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) www.elicense.kz, www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2017.02.03. № 53 бұйрығымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi: 1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде - 10 (он) жұмыс күнi; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты - 10 (он) минут. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|