Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тергеу, анықтау және әскери-тергеу бөліністерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 220 бұйрығы (2018.06.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 13 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ішкі істер министрінің 2018.06.04. № 267 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Тергеу, анықтау бөліністерін және әскери-тергеу бөліністерін ұйымдастыру бойынша қызметті жетілдіру мақсатында, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 10) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: ҚР Ішкі істер министрінің 2018.06.04. № 267 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған: 1. Қоса берілетін Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тергеу, анықтау және әскери-тергеу бөліністерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2) ҚР Ішкі істер министрінің 2018.06.04. № 267 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті (М.С. Әміров) заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Р.Т. Жақыповқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментіне (М.С. Әміров) жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|