Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 322 бұйрығына 2-қосымша
Осы редакция 2022 жылғы 9 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілерде жобаларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1. Осы «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілерде жобаларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектілерде жобаларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды. 2. Мемлекеттік қызметті халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бөлімшелері («64615 әскери бөлімі» РММ, «01826 әскери бөлімі» РММ) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін осы қағидаларға 1-қосымшаның 8 тармағы мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушіге не www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы өтініш жасайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|