Қостанай облыстық мәслихатының Регламентін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 9 - бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облыстық мәслихатының Регламенті бекітілсін. 2. Осы шешім қол қойған кезінен бастап күшіне енеді.
Облыстық мәслихатының 2018 жылғы 2 ақпандағы № 232 шешімімен бекітілген
Қостанай облыстық мәслихатының регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Қостанай облыстық мәслихатының осы регламентi (бұдан әрi – Регламент) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының (бұдан әрi – Заң) 8, 9-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 «Мәслихаттың үлгi регламентiн бекiту туралы» Жарлығының негізінде әзiрлендi және Қостанай облыстық мәслихатының (бұдан әрі - мәслихат) сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткiзу, оларға мәселелер енгiзу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметi туралы есептердi, халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметi туралы есептердi тыңдау, депутаттардың сауалдарын қарау тәртiбiн, мәслихаттағы депутаттық бiрлестiктердiң өкiлеттiктерiн, қызметiн ұйымдастыруды, сондай-ақ дауыс беру, аппарат жұмысының тәртiбiн және басқа да рәсiмдiк және ұйымдастырушылық мәселелерiн белгiлейдi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|