Мамандандырылған білім беру ұйымдарының желісін және дарынды балалармен жұмыс жөніндегі оқу-әдістемелік кеңес туралы ережені бекіту туралы (2022.02.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 4 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы № 3002 өкімін орындау және дарынды балалармен жұмысты үйлестіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес мамандандырылған білім беру ұйымдарының желісі; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық ғылыми-практикалық орталықтардың тізімі; 3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес дарынды балалармен жұмыс жөніндегі оқу-әдістемелік кеңес туралы ереже бекітілсін. 2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаментіне (Ж. Жонтаева) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларына орындау және жұмыста басшылыққа алу үшін жеткізсін. 3. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (Ш. Қирабаева): 1) мамандандырылған білім беру ұйымдарының жұмыс жасауы үшін нормативтік және ғылыми-әдістемелік база құруды; 2) дарынды балалармен жұмыс жөніндегі өңірлік ғылыми-практикалық орталықтардың, сондай-ақ мамандандырылған білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіруді қамтамасыз етсін. 4. «Дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдарының желісін және дарынды балалармен жұмыс жөніндегі оқу-әдістемелік кеңес туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 5 наурыздағы № 187 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін. 6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|