Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Саран қаласы және Ақтас кенті бойынша тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2022 жылғы 29 наурыздағы № 21/03 қаулымен бекітілген
Саран қаласы мен Ақтас кентіндегі тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы
1. Жалпы ережелер
1. Саран қаласы мен Ақтас кентіндегі тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы (бұдан әрі – Реновация бағдарламасы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленді. 2. Саран қаласы мен Ақтас кентіндегі тұрғын үй қорын реновациялау – Саран қаласы мен Ақтас кентіндегі апатты тұрғын үй қорының өсуін болдырмау, тұрғын үй аумақтарын дамытуды және оларды абаттандыруды қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың өмір сүру ортасын жаңартуға және өмір сүруіне, қоғамдық кеңістікке қолайлы жағдай жасауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы. 3. Реновация Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен апатты және ескі тұрғын үйлерді бұзу және одан азаматтарды көшіру жолымен қалалардың «ескі» орамдарын кешенді қайта жаңартуды көздейді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|